Accessibility links

Германия канцлері Ангела Меркель үйден жұмыс істей бастады


Берлиндегі кабинет отырысына қатысып жатқан Германия канцлері Ангела Меркель. 18 наурыз 2020 жыл.
Берлиндегі кабинет отырысына қатысып жатқан Германия канцлері Ангела Меркель. 18 наурыз 2020 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель жексенбі, 22 наурызда үйде қалып, карантин режиміне көшті. Германия үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайберттің сөзіне қарағанда екі күн бұрын Меркель барған дәрігерден коронавирус табылған. Ол кезде дәрігер Меркельге пневмомок инфекциясына қарсы екпе салған.

Ангела Меркель бірнеше күн бойы коронавирус бойынша тестен өтпек. Ол қызметтік міндетін карантин жағдайында үйден атқара береді.

Коронавирусқа байланысты соңғы ақпаратты білу үшін мына сілтемені басыңыз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG