Accessibility links

Нұр-Сұлтанда "блокбекеттерді айналып өтпек болған" үш тұрғын 15 күнге қамалды


Блокбекетті күзетіп тұрған күштік құрылым өкілдері. Алматы,19 наурыз 2020 жыл.
Блокбекетті күзетіп тұрған күштік құрылым өкілдері. Алматы,19 наурыз 2020 жыл.

Нұр-Сұлтанда үш тұрғын "блокбекеттерді айналып өтпек болғаны үшін" 15 күнге қамалды деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews агенттігі.

Ақпарат бойынша, Қарағандыға апаратын жолда ұсталған жауапкерлердің бірі блокпостарды айналып өтіп, жолаушыларды тасуға тырысқан, сол үшін 50 мың теңге сұраған. Нұр-Сұлтан - Қостанай бағыты бойынша адам таситын екі таксист те карантиндік аймақты бұзуға тырысқан.

Үшеуі де 15 күнге қамалған. Бұған дейін осыған ұқсас оқиға Алматыда да болған.

Коронавирус ең көп табылған Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында 19 наурыздан бері карантин жарияланған. Қазір қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылған. Қалаға қатынайтын жолаушылар пойызы, ұшақтар (негізінен ішкі рейстер) тоқтаған. Ойын-сауық орталықтары, азық-түлік емес тауар сататын сауда нысандары, балабақша, ұлттық саябақтар жабылды.

Коронавирус бойынша Қазақстандағы және әлемдегі жағдай жайлы мына сілтемеден оқи аласыз.

Қарай отырыңыз: Карантинге жабылған Алматының тіршілігі (19 наурыз 2020 жыл).

Карантинге жабылған Алматының тіршілігі
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:30 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG