Accessibility links

Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан вирус табылды. Қалада 35 адам дертке шалдықты


Науқасты емдеп жатқан дәрігер. Көрнекі сурет.
Науқасты емдеп жатқан дәрігер. Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті уақыт бойынша түскі сағат 12.00-де Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Сейсенбі таңертеңнен бері қалада осымен үшінші адамнан коронавирус анықталды.

Сoronavirus2020.kz сайтындағы дерекке сәйкес, сейсенбі күні таңертең вирус табылған бірінші науқас 22 наурызда Минск - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшақпен келген. Ол бір ай Лондонда оқуда болған. Нұр-Сұлтанда карантинге жатқызылған. Онымен ұшақта бірге болған адамдарды анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Екінші науқас дәрігерлерге өзі хабарласқан.

"21 наурызда әйелдің дене қызуы көтерілген. Сол себепті 22 наурызда инфекциялық стационарға жатқызылған. Денсаулығы тексеріліп, 24 наурызда одан коронавирус анықталды. Шағымы жоқ. Дене қызуы қалыпты нормада" деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Түс кезінде хабарланған науқас туралы дерек жоқ.

Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 68 адамға жетті. Алматыда - 29 адам, Нұр-Сұлтанда - 35 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр.

Коронавирус жайлы соңғы ақпаратты оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG