Accessibility links

Қырғызстанның бірқатар аймақтарында төтенше жағдай жарияланады


Жалалабад қаласы. 24 наурыз 2020 жыл.
Жалалабад қаласы. 24 наурыз 2020 жыл.

Қырғызстанның бірқатар аймақтарында атап айтқанда, Бішкек, Ош, Жалалабад қаласы, Ош облысының Ноокат және Кара-суу ауданы, Жалалабад облысы Сузак ауданында 25 наурыз бен 15 сәуір аралығында коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланады.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, 24 наурызда Жалалабад қаласының негізгі көшелеріне блокбекеттер қойылып, адамдар мен автокөліктер кезекке тұрған. Қалаға кіріп-шығуға тыйым салынған. Жергілікті билік қала тұрғындарының денсаулығын қорғау мақсатында осындай шара қолдануға мәжбүр екенін айтқан.

Азық-түлік, дәрі-дәрмек тасыған көліктерді блокбекеттерден кезексіз өткізіп жатыр. Басқа жақта тұратын мемлекеттік орган қызметкерлері арнайы өткізу қағазының көмегімен өтеді.

23 наурыз күнгі дерек бойынша, Қырғызстанда 16 адамнан коронавирус табылған: 7 ер адам, 9 әйел.

Коронавирус жайлы соңғы ақпаратты оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.

Қарай отырыңыз: Covid-19. Әлем елдері бір-біріне қол ұшын созып жатыр (22 наурыз 2020 жыл).

Covid-19. Әлем елдері бір-біріне қол ұшын созып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:47 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG