Accessibility links

Қазақстанда 65 жастан асқан депутаттарға жұмысқа бармауға рұқсат етілді


Мәжіліс отырысы. Көрнекі сурет.
Мәжіліс отырысы. Көрнекі сурет.

Қазақстан парламентінің төменгі палатасы коронавирусқа байланысты жұмыс форматын өзгертті деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Tengrinews сайтының жазуынша, 26 наурыз күнгі мәжіліс отырысында спикер Нұрлан Нығматуллин отырысқа кей депутаттар келмегенін, "ДДСҰ кеңесін ескеріп, 65-тен асқан депутаттарға жұмысқа келмеуге кеңес бергенін" айтқан.

Нығматуллиннің сөзінше, пленарлық отырысқа тек депутаттар мен заң жобасы бойынша негізгі баяндамашылар ғана қатысады.

Сайттың жазуынша, мәжіліс отырысына депутаттардың барлығы маскамен келіп, бір-бірінен алшақ отырған.

Қарай отырыңыз: Депутаттар коронавирустан қалай сақтанып жүр? (16 наурыз 2020 жыл).

Депутаттар коронавирустан қалай сақтанып жүр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:13 0:00

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілген. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 88 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда - 34 адам, Нұр-Сұлтанда - 46 адам, Қарағандыда - екі адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, қазір әлемде 470 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, 21 мыңнан астам адам қаза болған, 114 мыңнан астам адам айыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG