Accessibility links

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар мыңнан асты


Көрнекі сурет.

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар 68 500-ге жуықтап, аурудан қайтыс болғандар мыңнан асты. Бұл туралы COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар жайлы ақпарат тарататын сайт хабарлады.

Джонс Хопкинс университеті ашқан сайт дерегінше, 26 наурызда АҚШ-та коронавирустан қаза тапқандар 1032-ге жеткен. Бір күн бұрын вирустан қайтыс болғандар 827 болған еді.

АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытай мен Италиядан кейін үшінші орында тұр.

26 наурыздағы мәлімет бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 471 мыңнан асып, 21 295 адам қайтыс болған. 114 мыңнан аса адам айыққан.

Мамандар вирусты анықтайтын тест жетіспегендіктен әлемде нақты қанша адамның коронавирус жұқтырғанын анықтау мүмкін емес, сырқаттар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Днепрде вирустан қайтыс болуы мүмкін адамдарға қабір қазып қойды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00
XS
SM
MD
LG