Accessibility links

Зеленский: Украинаның шетелдегі азаматтарын қайтару керек пе, жоқ па?


Киевтің бос қалған метросы.
Киевтің бос қалған метросы.

Украина 27 наурызда түнде коронавирусқа байланысты шекарасын толық жабады. Елге кіріп-шығуға тыйым салынады. Бұл туралы бейсенбі күні президент Владимир Зеленский мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, жұма күні барлық елдермен жолаушылар қатынасы тоқтайды. Шетелде қалған Украина азаматтарының жағдайын сол елдегі Украина елшіліктері мен диаспорасы біліп отыруы тиіс.

"Шетелде қалған Украина азаматтарының қауіпсіздігі маңызды ма әлде елдегі 40 млн адамның өмірі маңызды ма? Біз осындай қиын мәселеге тап болдық" деді Зеленский. Ол эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Украинаның шетте қалған азаматтарын қайтаруға күш салатынын айтты.

Бұған дейін Украина шетел азаматтарының кіргізбейтін болған.

Соңғы дерек бойынша, Украинада 169 адамға коронавирус жұққан. Бес адам қайтыс болған. Елде қатаң карантин енгізілді. Ірі қалаларда метро жұмыс істемейді. Қоғамдық көлікке шектеу қойылды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG