Accessibility links

Өзбекстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды


Жедел жәрдем қызметі.
Жедел жәрдем қызметі.

27 наурызда Өзбекстанның Наманган облысында коронавирус жұққан 72 жастағы әйел адам қайтыс болды. Науқас бір күн бұрын Наманган облыстық ауруханасына түскен. Дәрігерлердің айтуынша, коронавирустан бөлек ұзақ уақыт марқұмның жүрегі ауырған, қант диабетіне шалдыққан. Диспансендерде тізімде тұрған.

26 наурызда пациентте коронавирус бар екені анықталған. Оған 12 наурызда Түркиядан оралған қызынан вирус жұққан болуы мүмкін деп айтылады.

Бұл Орталық Азиядағы халық саны жағынан бірінші орында тұрған Өзбекстанда коронавирусқа байланысты тіркелген алғашқы өлім.

27 наурыз таңертеңгі ақпарат бойынша Өзбекстанда жалпы саны 83 адамнан коронавирус табылған. Ел астанасы Ташкентте - бес адам, Әндіжанда үүш науқас бар. Бас санитарлық дәрігер Нұрмат Отабеков жеті пациенттің жағдайы ауыр деді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG