Accessibility links

Нұр-Сұлтан мен Алматыда көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылады


Алматыдағы блокбекеттердің бірі. Наурыз, 2020 жыл.
Алматыдағы блокбекеттердің бірі. Наурыз, 2020 жыл.

30 наурыз бен 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыда меншік иесіне қарамастан барлық кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысы тоқтайды. Тек мемлекеттік органдар, әкімдік, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау саласы ұйымдары, азық-түлік дүкендері, дәріхана, БАҚ қана жұмыс істейді. 27 наурызда төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

Ал 28 наурыздан бастап елдегі ірі үш қалада - Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте шектеулер күшейеді:

  • Үш қаланың тұрғындары жұмысқа, азық-түлік және дәрі алуға ғана шыға алады.
  • Саябақтар, демалыс орындары, жағалаулар, ойын алаңдары жабылады.
  • Қоғамдық көлік жұмысы шектеледі.
  • Қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналуға болмайды. Бұл шектеудің бір отбасының адамдарына қатысы жоқ.
  • Балалардың ересектерсіз көшеге шығуына тыйым салынады.

28 наурыздан бастап Шымкентте теміржол вокзалы, әуежай жұмысы тоқтайды, қоғамдық көлік жұмысына шектеу қойылады.

Қазақстанда қазір 124 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда - 48 адам, Нұр-Сұлтанда - 61 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Атырау облысында үш адам.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. 25 наурызда Алматыда бір, Нұр-Сұлтанда бір науқас дертінен айыққан еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG