Accessibility links

Павлодар облысында бір адамнан коронавирус табылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 27 наурыз түскі сағат 14.20-да Павлодар облысында бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.

Елде қазір 125 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда - 48 адам, Нұр-Сұлтанда - 61 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Атырау облысында - үш адам, Павлодар облысында бір адам.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. 25 наурызда Алматыда бір, Нұр-Сұлтанда бір науқас дертінен айыққан еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG