Accessibility links

Қазақстанда оқушылар 6 сәуірден бастап қашықтан оқиды


Мектепке кетіп бара жатқан оқушы. Орал қаласы, наурыз айы 2020 жыл.

6 сәуірден бастап Қазақстандағы мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы 27 наурызда бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова қаулы қабылдады.

Коронавирусқа байланысты Қазақстанда мектеп оқушыларының көктемгі демалысы бір апта ерте - 16 наурызда басталған еді. Демалыс уақыты үш аптаға созылады.

Бұған дейін білім және ғылым министрлігі қашықтан оқуға қажетті механизмді қарастырып жатқанын хабарлаған. Министр Асхат Аймағамбетов "қашықтан оқуға мүмкіндік беретін" ақпараттық жүйе, видеосабақтар әзірленетінін айтқан. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 26 наурызда онлайн өткізілетін сабақ 30 минутқа созылады деген. Оқушыларға берілетін қосымша видеосабақтар жергілікті телеарналар арқылы көрсетіледі. Биліктің айтуынша, қазір осындай 200 видеосабақ дайын. Тағы 2000-ға жуық өнім әзірленеді.

Қазақстанда шалғайдағы ауылдарда интернет жылдамдығы баяу екенін, кейбір отбасылардың интернетке қосылмағанын айтып, мәселеге уайымдайтын ата-аналар да бар.

Оқи отырыңыз: Интернеті жоқ ауыл студенттері мен оқушылары қашықтан қалай оқиды?

16 наурыздан бастап Қазақстанда жоғары оқу орындары, колледж студенттері де қашықтан оқуға кіріскен.Бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов қазақстандық жоғары оқу орындарының 30 пайызы қашықтан оқуға дейін екенін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG