Accessibility links

Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі туралы қаулы шығады


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі туралы бас санитарлық дәрігердің қаулысы шығады деп мәлімдеді.

"Бүгін кешке немесе ертең бас санитарлық дәрігердің ресми қаулысы шығады. Онда қатаң ережелер қарастырылған" деді Абаев 27 наурыз күнгі брифинг кезінде.

Оның айтуынша, Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы бұған байланысты арнайы пәтуа шығарған. Православ шіркеуінің өкілдері де нұсқаулық шығарған.

26 наурызда Нұр-Сұлтанда бір әйел коронавирустан қайтыс болған. Биліктің айтуынша, Ақмола облысындағы Қосшы ауылының тұрғыны 64 жастағы әйел адам Алматы қаласына құдалыққа барып, одан соң Жамбыл облысы Шу ауданында қонақта болған. Кейін Қосшыға қайтып келген. 13-17 наурыз аралығында пойызбен жүрген.

Қазір марқұмның үйі қоршалып, онымен байланыста болған жақындары және N2 облыстық көпсалалы аурухана қызметкерлері де оқшауланған. Кейбір жергілікті агенттіктердің жазуынша, 27 наурызда Алматыда марқұм қонақта болған үй де қоршалып, санитар мамандар аумаққа кіруге шектеу қойған.

Оқи отырыңыз: Вирустан қайтыс болған 64 жастағы адам "Алматыдан құдалықтан келген"

Қазір Қазақстанда 125 адамға вирус жұққаны анықталған: Алматыда - 48 адам, Нұр-Сұлтанда - 61 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Атырау облысында - үш адам, Павлодар облысында бір адам.

25 наурызда Алматыда бір, Нұр-Сұлтанда бір науқас дертінен айыққан еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG