Accessibility links

Алматы облысында аяғы ауыр әйелге коронавирус жұққан


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда 28 наурыз түске дейін 54 адамнан вирус табылғаны белгілі болды.

Нұр-Сұлтанда - 42 адам, Алматыда - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Алматы облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Атырау облысында 1 адамнан вирус табылған.

Облыс әкімдігіне сілтеме жасаған Vlast сайтының жазуынша, Алматы облысында коронавирус жұққан үш науқас - бөлек үш ауданда тұрады.

"Бірінші науқас 1957 жылғы әйел Іле аудандық провизорлық ауруханасында жатқан. Ол Қосшы ауылында коронавирустан қайтыс болған 64 жастағы әйел адаммен бірге Алматыда құдалықта болған. Екіншісі Жамбыл ауданында тіркелді. 1997 жылғы қыз 20 наурызда Оңтүстік Кореядан Алматыға ұшып келген. Үшінші науқас - 1995 жылғы Қарасай ауданының тұрғыны. Ол әйелдің аяғы ауыр" делінген облыстық әкімдік хабарламасында.

Олардың барлығы Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында емделіп жатыр. Жағдайлары - бір қалыпты. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел науқастармен байланыста болған адамдар анықталып жатқанын айтты.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Instagrаm-дағы парақшасында облыста коронавирус анықталған екі науқас туралы жазды.

"Семейлік ерлі-зайыпты екі адам, [екеуі де] 1959 жылы туған. Олар 21 наурызда Шарм-Эль-Шейх - Нұрсұлтан бағыты бойынша ұшып келген. Египетте демалыста болған. Семейге көліктерімен жеткен" деп жазды Ахметов.

Әкімнің айтуынша, олардың жанында тағы бес адам - отбасы мүшелері болған. Олардың төртеуінен вирус анықталмаған. Қазір біреуінің анализі зерттеліп жатыр.

Бұған қоса, олармен байланыста болған тағы бір адамнан анализ алынған. Төрт адам провизорлық стационарда оқшауланған. Қалған төрт адам карантиндік стационарда жатыр. Дәрігерлер бақылауында. Ахметовтің айтуынша, науқастардың жағдайы орташа ауыр, бірақ тұрақты.

Соңғы дерек бойынша Қазақстанда 204 адамнан коронавирус табылған:

  • Нұр-Сұлтанда - 117 адам
  • Алматыда - 58 адам
  • Қарағандыда - 4 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Атырау облысында - 4 адам
  • Ақмола облысында - 5 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Алматы - облысында - 4 адам
  • Ақтөбе облысында - 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 1 адам.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң анықталған. Елде барлығы 14 науқас: Алматыда - екі, Нұр-Сұлтанда 12 адам дерттен айықты. Олардың бірі - 12 жасар қыз бала.

Видео: Covid-19 қаншалықты қауіпті? 2 минутта түсіндіреміз

Covid-19 қаншалықты қауіпті? 2 минутта түсіндіреміз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG