Accessibility links

Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 30 мыңнан асты


Тамақ жеткізумен айналысатын компания қызметкері. Киев, наурыз айы 2020 жыл.
Тамақ жеткізумен айналысатын компания қызметкері. Киев, наурыз айы 2020 жыл.

Әлем елдері инфекциямен барынша күресуге тырысып жатыр. 29 наурыз түнде вирус жұқтырғандар саны 660 мыңнан астам адам болды. 140 мыңнан астам адам айыққан. Эпидемия басталғалы бері вирустан көз жұмғандар саны 30 мыңнан асты.

Италияда соңғы тәулікте 889 адам көз жұмған. Бір күн ішінде 6 мың адамнан вирус табылған. Эпидемия басталғалы бері шамамен он мың адам қайтыс болған. Вирус жұқтырғандар саны 92 мыңнан асады.

Францияда пандемия басталғалы бері вирус жұқтырғандар саны 37 мыңнан асып кеткен. 2300-ден астам адам қайтыс болған. Премьер-министр Эдуард Филипп алда екі күрделі апта күтіп тұрғанын айтты.

Нидерландыда бір күнде 93 адам қайтыс болды. 1159 адамнан коронавирус табылды. Вирустан көз жұмғандар саны 639 адамға жеткен. Вирус жұқтырғандар саны 9700-ден асты.

Ресейде бір күн ішінде 228 адамнан коронавирус табылды. Вирус тараған уақыттан бері жеті адам қайтыс болды.

АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 124 мыңнан асты. АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі, 28 наурызда Нью-Йорк пен Нью-Джерси, Коннектикут штатының кейбір аудандарында карантин енгізу мәселесін қарастырып жатқанын айтты. Вирджинияға барардың алдында Ақ үйдегі баспасөз жиынында Трамп осылай деді. Кейінірек Вирджинияда президент Comfort​ госпитальдік кемені Нью-Йоркке жіберу шарасына қатысқан.

​Журналистердің сұрақтарына жауап берген Трамп компаниялар жұмысын 12 сәуірде жалғастыра алады деп толық сеніммен айта алмайтынын жеткізді.

АҚШ ұлттық гвардиясының 12 мыңнан астам сарбазы коронавируспен күрес шараларына қатысып жатыр. Олар науқастарды тексеріп, тамақ жеткізумен айналысады.

Сенбі күнгі дерек бойынша, Нью-Йорк штатында вирус жұқтырғандар саны 52 мыңнан асқан. Көрші Нью-Джерси штатында - 8825 науқас, Коннектикутте - 1291 науқас анықталған. Үш штатта коронавирустан 6424 адам қайтыс болған. Көбі - Нью-Йорк тұрғындары.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG