Accessibility links

Қазақстанда тағы 9 адамнан коронавирус табылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 30 наурыз сағат 11:10-дағы дерегіне сай, елде тағы 9 адамнан коронавирус табылған. Алматыда - үш адам, Батыс Қазақстан облысында - 3 адам, Ақмола облысында үш адам дертке шалдыққан.

Қазір елде науқастар саны 293 адамға жетті. Барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Вирус жұқтырған 293 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда - 167 адам
  • Алматыда - 73 адам
  • Атырау облысында - 12 адам
  • Қарағандыда - 7 адам
  • Ақмола облысында - 9 адам
  • Алматы облысында - 6 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 2 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 5 адам.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады.

30 наурызда Қарағанды облысындағы Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск, Абай қалалары және Атырау қаласы карантинге жабылды. Ақтау қаласында да жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG