Accessibility links

31 наурызда Ақмола облысы да карантинге көшеді


Көшені дезинфекциялап жүрген жұмысшылар. Көрнекі сурет.
Көшені дезинфекциялап жүрген жұмысшылар. Көрнекі сурет.

31 наурыз кешкі 19.00-ден бастап Ақмола облысында карантин режимі енгізіледі деп хабарлады коронавирус бойынша құрылған шұғыл штаб өкілдері. Облыс аумағына жүк көліктерінен басқа көлік құралдары мен азаматтардың кіріп-шығуына тыйым салынады. Дәріхана, азық-түлік дүкендерінен басқа ірі сауда орталықтары жабылады. Мейрамхана, дәмхана, асхана сияқты қоғамдық тамақтану орындарының тамақ жеткізуіне ғана рұқсат етіледі. Билік тұрғындарды тек қажет жағдайда ғана сыртқа шығуға шақырды. Шыққан күннің өзінде медициналық маска тағып, қолғап кию қажеттігін айтты. 65-тан асқан адамдарға үйден шықпауға кеңес берді.

Ақмола облысында соңғы дерек бойынша, 9 адамнан коронавирус табылған. Елде науқастар саны 294 адамға жеткен.

Қарай отырыңыз: Covid-19 қаншалықты қауіпті? 2 минутта түсіндіреміз

Covid-19 қаншалықты қауіпті? 2 минутта түсіндіреміз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG