Accessibility links

Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 11 адамға көбейді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 31 наурыз күндізгі сағат 15:30-да Қызылорда облысында - 10 адам, Павлодар облысында бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Елде науқастар саны 336 адамға жетті.

Барлығы 22 адам (Нұр-Сұлтан - 15, Алматы - 7) аурудан жазылған. Екі адам көз жұмған. 31 наурызда түнде Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам вирустан көз жұмды. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам қайтыс болған.

Вирус жұқтырған 336 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда - 175 адам
  • Алматыда - 82 адам
  • Қарағандыда - 13 адам
  • Атырау облысында - 13 адам
  • Ақмола облысында - 10 адам
  • Алматы облысында - 8 адам
  • Қызылорда облысында - 18 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 3 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам
  • Павлодар облысында - 2 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазір коронавирустың таралуын тоқтату үшін Қазақстанның басым бөлігінде жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылған.




ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG