Денсаулық сақтау министрлігінің 31 наурыз 20:45-тегі дерегіне сай, Қазақстанда тағы төрт адамнан коронавирус табылды. Оның екеуі - Нұр-Сұлтан, біреуі - СҚО, біреуі - Түркістан облысында.
Осылайша, қазір Қазақстанда 340 адам Covid-19 дертіне шалдықты. Түркістан облысында вирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Қазір елде тек Қостанай облысында ғана коронавирус жұқтырған адам жоқ.
Барлығы 22 адам (Нұр-Сұлтан - 15, Алматы - 7) аурудан жазылған. Екі адам көз жұмған. 31 наурызда түнде Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам вирустан бақилық болды. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам қайтыс болған.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазір коронавирустың таралуын тоқтату үшін Қазақстанның басым бөлігінде жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылған.
ПІКІРЛЕР