Accessibility links

Трамп Ресей мен Сауд Арабиясының мұнай туралы келіссөзіне қосылуға дайын екенін мәлімдеді


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай бағасы туралы келіссөз жүргізу мәселесін талқылап жатқанын және оған қосылуға дайын екенін мәлімдеді.

"Екі мемлекет осы мәселені талқылап жатыр, қажет болған жағдайда оларға қосыламын" деді Трамп 31 наурыз күні Ақ үйде өткен брифинг кезінде.

Наурыз айының басында Мәскеу мен Эр-Рияд шикізат өндірісін азайту туралы келісе алмағаннан кейін халықаралық нарықта мұнай бағасы күрт арзандаған еді.

Өткен аптада АҚШ мұнай өндірісін көбейткен Эр-Риядты райынан қайтаруға тырысқан.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің телефон әңгімесінен кейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Reuters-ке берген сұхбатында Ресей де, АҚШ та мұнай бағасының арзандағанына мүдделі емес деді. Телефон әңгімеден кейін екі елдің энергетика мәселесімен айналысатын лауазымды тұлғалары мұнай бағасының арзандауын талқылайтыны белгілі болды. Сейсенбі күні Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 22,74 доллармен сатылды.

Видео: Мұнай бағасының арзандауы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

"Жұмыссыздық күрт көбеюі мүмкін"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:01 0:00


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG