Accessibility links

Қазақстан 2020 жылға жоспарланған мұнай өндірісін азайтпақ


2 сәуірде өткен үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстан мұнай өндіру жоспарын 4 миллион тоннаға азайтқанын мәлімдеді. Бұған дейінгі болжам бойынша, 2020 жылы Қазақстан 90 миллион тонна мұнай өндірмек болған. Министр мұны тау-кен өнеркәсібі саласындағы өндірістің төмендеуімен байланыстырды.

Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, биылғы жылдың басынан бері мұнай бағасы 65,7 пайызға, металл – құны орташа есеппен 15,6 пайызға арзандаған.

Дәленовтың айтуынша, 1 сәуірдегі мұнайдың бір баррелінің бағасы 22 долларға дейін арзандаған.

"Осыны ескере келе, сәуір-желтоқсан айларындағы мұнай баррелінің орташа бағасы 20 доллар деп белгіленді. Доллардың есептік құны 440 теңге, инфляция 9-11 пайыз аралығында алынды" деді Дәленов.

Қазақстан энергетика министрлігінің бұған дейін жариялаған мәліметінше, 2020 жылы мұнай өндіру 90 миллион тонна көлемінде болады деп күтілген. Ресми дерек бойынша, елде былтыр мұнай және газ өндіру 90,5 миллион тоннаны құраған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG