Accessibility links

Қазақстанда 435 адамнан вирус табылды


Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 2 сәуір 23:15-тегі дерегіне сай, елде тағы 12 адамнан коронавирус табылды: Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 6 адам, Атырау облысында - 1 адам, Жамбыл облысында - 1 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 1 адам.

Елде қазір 435 адам вирус жұқтырды. 27 адам дертінен айықты. Үш адам қайтыс болды.

Вирус жұқтырғандар мына аймақта:

  • Нұр-Сұлтанда - 199 адам
  • Алматыда - 91 адам
  • Қызылорда облысында - 26 адам
  • Қарағандыда - 21 адам
  • Атырау облысында - 19 адам
  • Ақмола облысында - 19 адам
  • Шымкентте - 11 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 11 адам
  • Түркістан облысында -11 адам
  • Алматы облысында - 9 адам
  • Жамбыл облысында - 6 адам
  • Ақтөбе облысында - 5 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 3 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам

Қазір елдің басым бөлігінде карантин жарияланған. 31 наурыздан бастап Қазақстанда жолаушы таситын пойыздар жұмысы толық тоқтады.

Елдегі 2 сәуірдегі жағдай жайлы маңызды ақпараттар:​

  • АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) Қазақстанға коронавируспен күресуге 365 млн теңге (800 мың доллар) көлемінде қаржылай көмек берді.Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі хабарлады.
  • Қазақстан үкіметі коронавируспен күреске тағы 125 миллиард теңге бөлді. Бұған дейін 23 миллиард теңге бөлінген. Жалпы сома – 148 миллиард теңге. Бұл қаржыдан 40,6 миллиард теңге коронавируспен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге берілмек. Бұл туралы қаржы министрлігі хабарлады.
  • 2 сәуірде Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған 72 жастағы әйел адам – осыдан екі күн бұрын Covid-19 дертіне шалдыққан ер адамның шешесі.
  • 3 сәуірден бастап Петропавл қаласы карантинге жабылмақ. СҚО-да жеті адам вирус жұқтырған. Арасында медбике де бар. Қай облыста қанша адамның вирус жұқтырғанын мына картадан көре аласыз.
  • Алматыда екі адам жасанды аппаратпен демалып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG