Accessibility links

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 662-ден асты


Алматы шетіндегі блокпост.
Алматы шетіндегі блокпост.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 6 сәуір 23.25-тегі мәліметіне сай, елде тағы 33 адамнан коронавирус табылды. Олардың 13-і Қызылорда облысында, бесеуі Шымкент қаласында, бесеуі Түркістан облысы, бесеуі Жамбыл облысында, үшеуі Алматы қаласында, екеуі Нұр-Сұлтанда.

Қазақстанда қазір 662 адамға жұқты. Алты науқас қайтыс болды. 46 адам дерттен айықты: Нұр-Сұлтанда - 24 адам, Алматыда - 21 адам, СҚО бір адам.⠀

Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың дерегінше, елде COVID-19​ дертіне шалдыққан 16 науқастың халі ауыр. Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 120 медициналық қызметкерден коронавирус анықталған. Бірінің жағдайы ауыр. Тоғыз қызметкердің халі орташа, 57 медқызметкерден симптомдар аз. Бұдан бөлек, 45 баладан коронавирус анықталған. Олардың төртеуі ауруханадан шыққан. Қалғандардының жағдайы жақсы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG