Accessibility links

Қызылорда облысында 12 адамнан вирус табылды. Аймақта 66 науқас бар


Қызылордадағы Қазпошта алдындағы ескерту қағаз. 6 сәуір 2020 жыл.
Қызылордадағы Қазпошта алдындағы ескерту қағаз. 6 сәуір 2020 жыл.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 7 сәуір 23:40-тағы мәліметіне сай, Қызылорда облысында 12 адамнан коронавирус табылды. Аймақта қазіргі 66 адам дертке шалдықты. Бұдан бөлек, министрлік Нұр-Сұлтанда тағы бір адамның аурудан жазылғанын мәлімдеді.

7 сәуірде елде 35 адамнан вирус анықталды. Бұл 6 сәуірмен 43 адамға аз. Дүйсенбіде 78 адам бертке шалдыққан.

Қазақстанда қазір 697 адамнан вирус табылды. 51 адам (Нұр-Сұлтанда 28, Алматыда 21, СҚО мен Ақтөбе облысында бір-бірден) дерттен айықты. 6 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырған 697 адам мына аймақтарда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 222
  • Алматы қаласы – 119
  • Қызылорда облысы – 66
  • Қарағанды облысы – 55
  • Жамбыл облысы – 45
  • Ақмола облысы – 42
  • Түркістан облысы – 33
  • Атырау облысы – 32
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Шымкент қаласы – 20
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 10
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6
  • Маңғыстау облысы – 5
  • Қостанай облысы – 3
  • Батыс Қазақстан облысы – 2
  • Павлодар облысы – 1
7 сәуірдегі негізгі оқиғаларды бір шолып шығыңыз:
  • Алматыда кейінгі бір күн ішінде “карантин режиімін бұзды” деген айыппен 26 адам қамалды, 32 адамға айыппұл салынды.
  • Короновирус жұқтырып, денсаулығы нашарлаған Түркістан облысының екі тұрғыны Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Түркістан облысында жұқпалы аурулар ауруханасы жоқ болғандықтан науқастар Шымкентке жіберілгенін айтты.
  • Қазақстандық құқық қорғаушылар халықаралық қауымдастықты Қазақстан билігін карантин кезінде саяси тұтқындарды босатып, саяси қудалауды тоқтатуға көндіруге шақырды.
  • Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елде Covid-19 дертіне шалдыққандарды не карантиндегілерді емдеген 67 дәрігерге вирус жұққан. Олардың біреуінің халі ауыр. Тоғызының жағдайы орташа ауыр.
  • Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда 20 науқастың жағдайы ауыр. Үшеуі жасанды демалу аппаратына қосылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG