Accessibility links

ТЖ кезінде кейбір кәсіпорынның жұмыс істеуіне рұқсат берілмек


"Қазақстан" сауда үйі. 3 сәуір, 2020 жыл Алматы облысы
"Қазақстан" сауда үйі. 3 сәуір, 2020 жыл Алматы облысы

Қазақстанда төтенше жағдай режиміне қарамастан кейбір кәсіпорындар жұмысқа оралады. 10 сәуір күні төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

"Мұндай жағдайда облыс және қала басшыларының жауапкершілігі арта түседі. Себебі ашығын айтайық: тәуекел етіп отырмыз. Бірақ амал жол жоқ. Азаматтардың қатаң карантин ережелерін сақтауы, студенттер мен оқушылардың қашықтан оқуы - бәрі күшінде қалады" деді ол.

Тоқаев әкімдіктерге жұмыс істейтін кәсіпорындардың тізімін жасауды тапсырған. Кәсіпорындардың жұмыс істеу уақыты, жұмысшыларды жұмысқа жеткізу мәселесін штаб анықтайды.

Жұма күні комиссия мүшесі Владимир Божко ТЖ кезінде шағын және орта бизнес өкілдеріне ереже біраз жұмсарады деп мәлімдеген. Бірақ Божко кәсіпкерлерге қандай жеңілдік болатынын нақтылап айтпады.

Әзірге кәсіпорындардың жұмысына қашан оралатыны да белгісіз.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қызылорда және өзге қалаларда коронавирусқа байланысты карантин жарияланып, адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылған еді. Наурыз айының соңында Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік тоқтаған болатын.

Кейбір қазақстандық экономистер мұнай бағасының төмендеуі және коронавирустің кесірінен туған экономикалық дағдарыс ұзаққа созылуы мүмкін деп болжаған.

Оқи отырыңыз: "Ұлттық қорға қол салуға тура келеді". Коронавирус, мұнай және Қазақстан

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 802 адамнан коронавирус табылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG