Accessibility links

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 19 адамға көбейді


Дәрігерлер. Көрнекі сурет.
Дәрігерлер. Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 11 сәуір түскі сағат 12:40-та тағы 19 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Алматыда - 9, Нұр-Сұлтанда - 2, Қарағанды облысында - 1, Павлодар облысында - 5, Шымкент қаласында 2 адамға вирус жұққан.

11 сәуірге қараған түні әлеуметтік желіде Алматыдағы "N12 орталық ауруханада істейтін бірнеше дәрігерден коронавирус табылды, бірақ аурухана вирус ошағы ретінде карантинге жабылмай отыр" деген ақпарат тараған еді. 11 сәуір таңертең денсаулық сақтау министрлігі ақпаратты тексеріп жатқанын хабарлады.

Қазақстанда жалпы науқастар 859 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 231
  • Алматы қаласы – 137
  • Қызылорда облысы – 116
  • Ақмола облысы – 61
  • Қарағанды облысы – 62
  • Түркістан облысы – 35
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 10
  • Атырау облысы – 45
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6
  • Жамбыл облысы – 46
  • Шымкент қаласы – 33
  • Батыс Қазақстан облысы – 6
  • Қостанай облысы – 3
  • Маңғыстау облысы – 9
  • Павлодар облысы – 9

10 науқас қайтыс болған. 10 сәуір түнде Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 1963 жылғы науқастың қайтыс болғаны хабарланды.

Барлығы 64 адам айыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG