Accessibility links

Алматыда 15 медицина қызметкерінен коронавирус табылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 12 сәуір түнде Алматыда 15 медицина қызметкерінен коронавирус табылғанын хабарлады. Олардың бірінің аяғы ауыр. Бұған дейін Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасында 12 медицина қызметкерінен коронавирус табылған еді.

"Екі күннің ішінде барлығы 27 медицина қызметкеріне вирус жұққаны анықталды. Олардың арасында дәрігер, орта және кіші санаттағы медицина қызметкері бар. Полисегментті пневмонияға байланысты екеуінің жағдайы - ауыр. Қалған қызметкерлердің жағдайы - бірқалыпты" делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің 10 сәуір күнгі дерегі бойынша, Қазақстанда 120 дәрігерге коронавирус жұққан. Олардың 67-іне вирус - науқастардан, қалғанына туысы мен таныстарынан жұққан.

Оқи отырыңыз: Денсаулық басқармасы орталық ауруханадағы дәрігерлерге вирус жұққанын растады

Соңғы мәлімет бойынша, Алматыда 160 адамнан коронавирус табылған. 49 адам жазылған. 2 адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG