Accessibility links

Қазақстан Қытайға наразылық нотасын жолдады


Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо.
Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо.

Қазақстанның Пекиндегі елшілігі Қытай сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жолдады. Бұл ақпарат Қазақстан сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланды.

Министрлік мәліметіне қарағанда, Қазақстан сыртқы істер министрлігінде Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесу өткен. Кездесу кезінде Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қытайдың www.sohu.com сайтында жарияланған "Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады" атты мақалаға наразылық білдірген.

Мақалада "Қазақстан бір кездері Қытай аумағының бір бөлігі болды" деп жазылған.

"Қытай елшісіне мұндай сипаттағы мақала 2019 жылғы 11 қыркүйекте мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан мен Қытайдың бірлескен мәлімдемесіндегі стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіндігі айтылды" дейді министрлік ақпаратында.

Қытайдың Қазақстандағы елшісі соңғы жылдары Қазақстанға да қатысы болуы мүмкін эмоциялы посттар жазып, әлеуметтік желіде белсенділігімен танылған. Осыған байланысты түрлі белсенділер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан, сыртқы істер министрі мен бас прокурордан Қытай елшісінің «іс-әрекетіне құқықтық және саяси баға беруді» және соған сәйкес «Қытайға наразылық нотасын жолдап, Қытайдың Қазақстандағы елшісін ауыстыруды талап етуді» сұраған болатын.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG