Accessibility links

Қарағанды облысында әскери ұшақ құлады


16 сәуірде Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданындаҚазақстан қорғаныс министрлігіне тиесілі МиГ-31 ұшағы құлады. Ұшақ әскери дайындық кезінде Тоғызқұдық ауылдық округінің аумағына құлап түскен. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, ұшақ бортындағы екі ұшқыш болған. Екеуі де тірі. Ұшақ аспанға көтерілгенде бір моторында өрт шыққан. Ресми мәлімет бойынша, ұшқыштар тұрғындарға қауіп төнбейтін далаға ұшақты құлатып, өздері ұшақтан секіріп (катапультирование) түскен.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен ұшақ апатына қатысты тергеу басталғаны хабарланды. Оқиға болған жерге құтқарушылар жеткен. Қарағанды облысы төтенше жағдай департаменті ұшақ қорғаныс министрлігіне тиесілі деп апатқа қатысты қандай да бір комментарий беруден бас тартты.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG