Accessibility links

Өзбекстанда коронавирусқа байланысты велосипед тебуге уақытша тыйым салды


Велосипед айдаған ер адам. Өзбекстан. Көрнекі сурет.
Велосипед айдаған ер адам. Өзбекстан. Көрнекі сурет.

Өзбекстан билігі коронавирусқа байланысты велосипед тебуге уақытша тыйым салды. Велосипедпен жұмысқа барып, қайтуға ғана рұқсат.

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің өкілі Шохрух Гиясовтың айтуынша, велосипедпен жұмысқа баратындардың қолында үш құжат болуы керек: төлқұжат, жұмыс орнынан анықтама және қызметкердің жұмыс уақытында кеңседе немесе ғимаратта болатыны туралы хат.

17 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Өзбекстанда 1390 адамнан коронавирус табылған, төрт адам қайтыс болған.

Көрші Тәжікстанда дін қызметкерлері 24 сәуірде басталатын Рамазан айында мешітке жиналып, намаз, тарауық оқуға тыйым салды.

Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстанда да мешіт өкілдері бұған дейін осыған ұқсас шектеу енгізген.

Тәжікстан мен Түркіменстан коронавирус табылғаны туралы ресми хабарламады. Бірақ үкімет жұмысының жабықтығы мен тәуелсіз БАҚ-тың жоқтығын алға тартқан сарапшылар бұған күмән келтіреді.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 1593 адамнан коронавирус табылған, 17 адам қайтыс болған.

Қырғызстанда шамамен 500 адамнан коронавирус табылған. 5 адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG