Accessibility links

Нью-Йоркте вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар азайып келеді


Көшеде кетіп бара жатқан ұлттық әскер сарбазы. Нью-Йорк, 5 сәуір 2020 жыл.
Көшеде кетіп бара жатқан ұлттық әскер сарбазы. Нью-Йорк, 5 сәуір 2020 жыл.

Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо сенбі күнгі баспасөз мәслихаты кезінде 17 сәуірде коронавирустан 540 адамның қайтыс болғанын, бұл соңғы екі аптадағы ең төменгі көрсеткіш деді. Оның айтуынша, жұма күні коронавирус белгілері байқалған 2 мыңнан астам адам ауруханаға жеткізілген. Мұндай көрсеткіш соңғы рет наурыз айының соңында науқастар мен вирустан қайтыс болғандар саны күрт көбейетін кезде болған. "Америка дауысы" сайтының жазуынша, осыған қарап штат вирус тарауының шырқау шегіне жақындап қалды деуге болады.

Губернатор Куомоның айтуынша, дәрігерлер реанимация бөліміне ауыстырып, жасанды тыныс алу аппаратына қосуды қажет ететін пациенттер қатарының азайғанын да айтқан.

Сенбі, 18 сәуір күнгі мәлімет бойынша АҚШ-та 715 мың адамнан корнавирус табылған. Соңғы бір күнде 1690 адам қайтыс болған. Коронавирустан жалпы 38 844 адам қайтыс болған.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо сенбі күні АҚШ пен Канада арасындағы шекара тағы 30 күн жабық болады, тараптар осылай келісті деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG