Accessibility links

Ресей билігі мигранттарға мерзімі өтіп кеткен патентпен жұмыс істеуге уақытша рұқсат берді


Мәскеудің Внуково әуежайында қалып қалған мигранттар. 24 наурыз 2020 жыл.
Мәскеудің Внуково әуежайында қалып қалған мигранттар. 24 наурыз 2020 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин еңбек мигранттарына мерзімі өтіп кеткен патентпен 15 маусымға дейін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды. Жарлық Кремль сайтында жарияланды.

Құжат жұмыс берушілерге мерзімі өтіп кеткен патенті бар еңбек мигранттарын жалдауға мүмкіндік береді. Құқық қорғау органдары мұндай жағдайда мигранттарға әкімшілік айыппұл салмауы тиіс. Бұған қоса, депортациялау, визаның күшін жою, рұқсат қағазын тартып алу сияқты шаралар қолданбауы тиіс.

Бұған дейін еңбек мигранттары Ресей билігінен коронавирусқа байланысты жарияланған карантин уақытында еңбек патентін төлеуді кейінге шегеруді сұраған.

2019 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, Мәскеу қаласында шетел азаматтарына 463,7 мың еңбек патенті беріліп, қала бюджетіне 18,3 млрд рубль көлемінде табыс түскен. Патенттердің жартысы - Өзбекстан азаматтарына, 38 пайызы Тәжікстан азаматтарына берілген.

Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше Қазақстан және Қырғызстан азаматтарынан еңбек патенті сұралмайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG