Accessibility links

Алматыда коронавирустан екі науқас қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 19 сәуір түнгі сағат 23:10-да Алматыда коронавирустан екі науқас қайтыс болғанын хабарлады. Олардың бірі - 1958, екіншісі 1931 жылы туған.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 19 адам қайтыс болған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың басым бөлігінде созылмалы аурулар болған.

Министрлік жексенбі күні түнде вирус жұқтырғандар 35 адамға көбейгенін хабарлады.

Республика бойынша вирус жұқтырғандар 1711 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 524
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 372
  • Қызылорда облысы – 148
  • Қарағанды облысы – 93
  • Ақмола облысы – 82
  • Атырау облысы – 80
  • Түркістан облысы – 60
  • Жамбыл облысы – 61
  • Шымкент қаласы – 67
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Алматы облысы – 40
  • Батыс Қазақстан облысы – 62
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Павлодар облысы – 26
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Қостанай облысы – 15

Коронавирустан 401 адам айыққан. Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі осы және алдағы аптада "эпидемия шарықтау шегіне жетеді" деп болжаған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбі күні Twitter-дегі парақшасында "Қазақстанда эпидемия әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ" деп азаматтарды карантин ережелерін сақтауға шақырды.

Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланған. Бірқатар қалалар мен облыс, аудандарда, ауылдарда карантин енгізіліп, қозғалыс шектелген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG