Accessibility links

75 жыл бұрын Совет одағы мен Польша солдаттары екі концлагерді азат етті


Польшадағы Аушвиц-Биркенау мемориалды кешені.
Польшадағы Аушвиц-Биркенау мемориалды кешені.

Германияда сәуірдің 19-ына Совет одағы мен Польша солдаттарының Заксенхаузен және Равенсбрюк концлагерлерін азат еткеніне 75 жыл толғанына арналған діни ғибадат өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты нацизм құрбандарының мемориалында жоспарланған шара болмаған.

Заксенхаузен тұтқындарын азат ету күні Германия сыртқы істер министрі Хайко Мас пен Польша сыртқы істер министрі Яцек Чапутович бірлескен видеоүндеу жолдады. Олар «қайтадан белең алып келе жатқан» антисемитизм мен жеккөрушілікке қарсы күресті тоқтатпау қажеттігін айтты.

"Германияда, не оның сыртында болсын, нацизм құрбандарын қылмыскерге айналдырып көрсетуге немістер үнсіз төзіп отыра алмайды, - деп мәлімдеді Мас.

Совет одағы мен Польша солдаттары Заксенхаузен концлагерін 1945 жылы 22-23 сәуірде, Равенсбрюк концлагерін 30 сәуірде азат еткен. Белгілі деректерге қарағанда, Равенсбрюк концлагерінде 28 мыңға жуық тұтқын өлтірілген. Бұл ақпаратты «Немецкая волна» хабарлады.

1917 жылы қараша айында большевик Владимир Ульянов (Ленин) бастаған төңкерістен кейін құрылған Совет өкіметінің құрамында Қазақстан 1991 жылдың соңына дейін болған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG