Accessibility links

Бішкекте тұрғындарды коронавирустан жаппай тексере бастады


Көрнекі сурет.

Бішкекте жеке зертханада тұрғындарды коронавирустан жаппай тексеру басталды. Бұл туралы 22 сәуірде Қырғызстанның денсаулық сақтау вице-министрі Нурболот Усенбаев хабарлады.

"Бүгін "Сеть Бонецкого" мекемесінің мемлекеттік ұйымдармен бірігіп ұйымдастырған зертханасы жұмысқа кіріседі. Сол жаққа барып, коронавирус инфекциясына тексерілуге болады" деді вице-министр.

Оның айтуынша, қазір мемлекеттік вирусология зертханасы 35 мыңнан астам ПЦР-анализ өткізген, адам қарасы көбейсе, жеке зертхана көмектеседі.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі белгілі бір категорияларға жататын адамдарға тест тегін болатынын, ал қалған азаматтар ақылы түрде сынақтан өтетінін айтқан. Тестен өту құны - 2 мың сом.

Тұрғындарды жаппай тестен өткізу туралы бастаманы демеушілер мен кәсіпкерлер көтерген.

22 сәуір таңертеңгі мәлімет бойынша, Қырғызстанда 612 мың адамнан коронавирус табылған. 254 адам жазылып шыққан. 7 адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG