Accessibility links

Иран алғашқы әскери спутнигін орбитаға шығарғанын хабарлады


"Касед" зымыран тасығышы.
"Касед" зымыран тасығышы.

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы алғашқы әскери спутнигін орбитаға шығарғанын хабарлады. Сақшылар корпусына қарайтын ұйым сайтында хабарлама жарияланды.

Ақпаратқа сәйкес, "Нұр" спутнигі Иранның орталық аймағындағы айлақтан ұшырылған "Касед" екісатылы зымыран тасығышының көмегімен орбитаға шығарылған. Спутник жерден 425 шақырым биіктікте қалқып тұр. Әзірге өзге елдер бұл ақпаратты растамады.

Сақшылар корпусы зымыран тасығыштың суретін жариялады. Азаттықтың Иран қызметінің хабарлауынша, зымыран корпусында Құраннан үзінді келтірілген.

  • Иран ғарыш және зымыран бағдарламаларын дамытуға көп көңіл бөліп, бұған дейін ғарышқа бірнеше спутник ұшырған, суборбиталық биіктікке маймыл отырған аппаратты ұшырып, қайта қондырған.
  • Көптеген батыс елдері Тегеран бейбіт ғарыш бағдарламасын желеу етіп, зымыран бағдарламасын дамытып жатыр деп қауіптенеді. Олар Иранды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзбауға шақырған.
  • Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-та террористік ұйым ретінде танылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG