Accessibility links

Оралдық белсенді Сагутдиновтің үстінен екі қылмыстық іс қозғалды


Полиция Аслан Сагутдиновті ұстап әкетіп барады. 6 мамыр 2019 жыл.
Полиция Аслан Сагутдиновті ұстап әкетіп барады. 6 мамыр 2019 жыл.

Оралдық белсенді Аслан Сагутдиновтің үстінен “полиция қызметкерін қорлады” және “полицияға бағындады” деп екі қылмыстық іс қозғалды. Полиция белсенді үстінен екі іс қозғалғанын растады.

- Қазір Сагутдинов Абай аудандық полиция бөлімшесінде тергеуде отыр. Оның үстінен “Билік өкілін қорлау” және “Билік өкіліне бағынбау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұған қоса, ол полиция бөлімшесіндегі унитаз бен қол жуғышты сындырып, мүлікті бүлдіргені бар. Бірақ бұл әрекеті үшін іс қозғалған жоқ, - деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков.

Аслан Сагутдинов – былтыр мамырда Оралдың орталық алаңына ештеңе жазылмаған ақ плакатпен шығып, ұсталған белсенді.

Ол сенбі, 19 сәуірде полицияға шақырту қағазын алғанын хабарлап, тергеуден шыққан соң Азаттық тілшісіне “Мені жауып тастағысы келетін сияқты. Екі я үш іс қозғаған сияқты. Мені ұстаған кезде полиция бөлімшесінің дәретханасының унитазы мен есігін сындырып тастаған едім. Сол оқиға бойынша шығынды да есептеп жатқан сияқты” деген еді.

8 сәуірде белсендіні “карантин режимін бұзды” деп ұстаған. Сагутдиновтің сөзінше, ол дүкеннен үйіне келе жатқанда штаттық киімдегі екі адам тоқтатқан. Сол күні белсендіні ұстап, келесі күні үш тәулікке қамаған.

Бұдан бөлек, белсенді Аслан Сагутдиновті Оралдағы “Пульс города” газетінің қызметкері Дана Дүйсекенова “жұрт алдынды масқаралады” деп сотқа берген. Қазір бұл қылмыстық іс тергеліп жатыр.

“19 ақпанда Сагутдиновтің каналында менің абыройыма нұқсан келтіретін видео жарияланды. Қылмыстық сотқа жазған шағымымда видеоны да көрсеттім. Видео ашық, оны бәрі көре алады” деген еді Дүйсекенова Азаттыққа өз шағымы бойынша.

Бұған дейін Дүйсекенованың шағымы бойынша блогер Айболат Бөкенов бес тәулікке қамалған. Сот Бөкеновті Дүйсекеноваға 130 мың теңге моральдық және материалдық шығын төлеуге міндеттеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG