Accessibility links

Нұр-Сұлтанда коронавирустан Ресей азаматы қайтыс болды


Реанимация бөлімі. Көрнекі сурет.
Реанимация бөлімі. Көрнекі сурет.

24 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан үшінші науқас қайтыс болды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен хабарлады. 66 жастағы әйел адам 15 сәуірде жағдайы өте ауыр күйде ауруханаға жеткізілген.

"Реанимация бөліміне жатқызылды, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Коронавирус инфекциясы бары анықталды, екіжақты полисегментті пневмония ауруы асқынған. Науқастың жағдайы барған сайын нашарлай берді. Онда созылмалы обструктивті өкпе ауруы, қант диабеті болған. Күн сайын консилиум өткізіліп тұрды" деді Мәкен.

Оның сөзіне қарағанда интенсивті терапияға қарамастан 24 сәуірде таңертеңгі сағат 10:40 шамасында науқас қайтыс болған. Оның айтуынша, әйел адам - Ресей азаматы.

24 сәуірде таңертең Алматы мен Шымкент қаласында екі науқас коронавирустан көз жұмған. Жарты күн ішінде коронавируспен байланысты үшінші адам өлімі болып отыр.

Індет тарағалы бері Нұр-Сұлтан қаласында барлығы үш адам вирустан қайтыс болған. Республика бойынша 23 адам қайтыс болған.

Қалада коронавирус жұққан 433 адам анықталған. 207 адам жазылған. 19 наурыздан бері қалада карантин жарияланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG