Accessibility links

Қазақстанда 2376 адамға вирус жұқты. 602 адам жазылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 24 сәуір кешкі сағат 18.25-те Қазақстанда тағы 42 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Алматы қаласында - 23, Павлодар облысында - 4, Алматы облысында - 3, Ақмола облысында - 3, Нұр-Сұлтан қаласында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 1, Жамбыл облысында 3 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2376 адам болды. 602 адам COVID-19 ауруынан жазылған. Барлығы 25 адам қайтыс болған.

24 сәуірде Қазақстанда бес адамның коронавирустан қайтыс болғаны белгілі болды. Олардың біреуі - Маңғыстау облысында әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен 1980 жылы туған әскери қызметкер. Ол төтенше жағдай кезінде Ақтау көшелерін залалсыздандыруға атсалысқан.

Вирус табылған 2376 адам мына аймақтарда:

  • Алматы қаласы – 787
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 438
  • Қызылорда облысы – 161
  • Шымкент қаласы – 139
  • Қарағанды облысы – 108
  • Жамбыл облысы – 101
  • Батыс Қазақстан облысы – 93
  • Ақмола облысы – 88
  • Атырау облысы – 84
  • Түркістан облысы – 81
  • Алматы облысы – 72
  • Павлодар облысы – 66
  • Ақтөбе облысы – 55
  • Қостанай облысы – 38
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Маңғыстау облысы – 20
  • Шығыс Қазақстан облысы – 15

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде сәуірдің соңына дейін 2700 адамға, мамырдың соңына дейін 4000 адамға вирус жұғады деп болжаған.

Елде коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазақстанның біраз аймағы карантинде.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG