Accessibility links

ДДСҰ және әлем басшылары коронавируспен күресу үшін қаржы жинауға уәде берді


Еуропа комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен.
Еуропа комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен.

Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель, Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса және бірқатар саясаткер мен мемлекет өкілдері жұма, 24 сәуірде коронавирус індетімен күрес мәселесіне арналған жаңа халықаралық бастаманы талқылау үшін видеоконференция өткізді.

Бұл бастама жылдам уақыт аралығында COVID-19 ауруын анықтайтын қауіпсіз әрі тиімді тест пен екпе, дәрі-дәрмектер шығаруды көздейді. Конференцияға қатысушылар аурудың алдын алу және емдеу құралдары бай мен кедейге бірдей қолжетімді болғанын қалайды.

"Бәріміздің алдымызда ортақ қауіп тұр, оны бірігіп, күш жұмылдырып жеңе аламыз" деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі Тедрос Гебрейесус.

Оның сөзіне қарағанда, дәрі-дәрмек пен препараттар болған күннің өзінде оған әртүрлі топтағы науқастардың бірінің қолы жетеді, бірінікі жетпейді.

"Бұған жол беруге болмайды" деді ДДСҰ жетекшісі.

Еуропа комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен халықаралық қауымдастықтың жаңа ауруды анықтау, одан қорғану және емдеу жұмыстарына 7,5 млрд еуро көлемінде қаржы жинауды жоспарлап отырғанын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG