Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 26 сәуір түскі сағат 13.35-те тағы 8 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Ақмола облысында - 1, Алматы облысында - 7 адамға вирус жұққан.
Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2660 адам болды:
- Алматы қаласы – 842
- Нұр-Сұлтан қаласы – 479
- Қызылорда облысы – 177
- Шымкент қаласы – 162
- Қарағанды облысы – 113
- Жамбыл облысы – 104
- Батыс Қазақстан облысы – 116
- Ақмола облысы – 93
- Атырау облысы – 108
- Түркістан облысы – 108
- Алматы облысы – 93
- Павлодар облысы – 94
- Ақтөбе облысы – 55
- Қостанай облысы – 43
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Маңғыстау облысы – 27
- Шығыс Қазақстан облысы – 16
Министрлік жексенбі күні сонымен бірге 31 адамның жазылғанын хабарлады. Республика бойынша барлығы 677 адам COVID-19 ауруынан айыққан. 25 адам қайтыс болған.
25 сәуірде жергілікті БАҚ Арқалық қаласында коронавирус жұққан зейнеткердің қайтыс болғанын хабарлады. Жергілікті билік зейнеткердің өлімін арнайы комиссия зерттейді деп мәлімдеген. Денсаулық сақтау министрлігі әзірге түсініктеме берген жоқ.
ПІКІРЛЕР