Accessibility links

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 32 адамға көбейді


Қазақстан денссаулық сақтау министрлігінің 28 сәуірде сағат 13:00-де таратқан ресми мәліметі бойынша, Алматы қаласында коронавирус инфекциясы тағы 16 адамнан табылған. Атырау, Ақтөбе мен Павлодар облыстарының әрқайсысында - 4 адам, Қарағанды облысында - 3 адам және Қызылорда облысында 1 адам вирус жұқтырғаны анықталған.

Қазақстанда пандемия тарағалы вирус жұқтырғандар 2982 адамға жетті, 754 науқас дерттен жазылып, 25 адам қайтыс болды.

Ресми мәліметке қарағанда, коронавирус жұқтырып, тыныс аппаратына қосылған 15 науқастың жағдайы ауыр.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда мамырдың соңына дейін 4 мыңдай адамға вирус жұғуы мүмкін деп есептейді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG