Accessibility links

Сот Кенжебек Әбішевтің ерте босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырды


Кенжебек Әбішев.
Кенжебек Әбішев.

29 сәуірде Қапшағай қалалық соты "Ұлттық алауыздық қоздыру", "Терроризмді насихаттау" баптарымен айыпталып сотталған Кенжебек Әбішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы белсендінің әйелі Гүлмира Әбішева Азаттыққа хабарлады.

- Сот бүгін түске дейін болған. Бағана өзі (күйеуі) хабарласып айтты. Біз карантин болғандықтан қатыса алмадық. 15 күннен кейін босап шығады, - деді Гүлмира Әбішева.

Сәрсенбі күні Қапшағай қалалық соты жауап берген жоқ. Адвокат Гүлнара Жуаспаеваның айтуынша, соңғы рет Кенжебек Әбішевке хабарласқан кезде "адвокатсыз мерзімінен ерте босап шығуға өтініш беретінін" айтқан.

- Соған қарағанда колония менің іске қатысуымды қаламаған сияқты. Қарсы болмадым. Оның алғыс, мақтау қағаздары көп. Ол түрмеде домбыра жасаумен айналысқан. Бір айда үш домбыра жасаған, - деді Гүлнара Жуаспаева.

13 наурызда Қапшағай қалалық соты Алматы облысының Заречный кентіндегі жалпы режимдегі колонияда (ЛА-155/14 орташа қауіпсіздік мекемесі) қамауда отырған белсенді Кенжебек Әбішевтің жаза мерзімін азайтқан болатын. Сол кезде оның мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығу туралы өтініш жазуына болатыны айтылған еді.

Кенжебек Әбішев 2018 жылдың 21 желтоқсанында "терроризмді насихаттады" және "ұлттық алауыздықты қоздырды" деп айыпталып, жеті жылға сотталған. 2019 жылы апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Қазақстандық құқық қорғаушылар Кенжебек Әбішевті саяси тұтқын деп таныған. Қазақстан билігі елде саяси тұтқындар жоқ деп есептейді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG