Accessibility links

Қазақстанда тағы 47 адамнан коронавирус табылды


Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 1 мамыр түскі сағат 12.45-те коронавирус инфекциясы тағы 47 адамнан табылғанын хабарлады. Алматы қаласында - 10, Шымкентте - 8, Павлодар облысында - 13, Қарағанды облысында - 2, Қызылорда облысында - 3, Жамбыл облысында - 4, Маңғыстау облысында - 6, Атырау облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған.

Барлығы 3551 адамға вирус жұққан. 866 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.

Коронавирус жұқтырған 3551 адам мына аймақта:

  • Алматы қаласы – 1140
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 650
  • Қызылорда облысы – 204
  • Шымкент қаласы – 201
  • Қарағанды облысы – 151
  • Атырау облысы – 140
  • Батыс Қазақстан облысы – 152
  • Түркістан облысы – 127
  • Павлодар облысы – 142
  • Алматы облысы – 138
  • Жамбыл облысы – 136
  • Ақмола облысы – 99
  • Ақтөбе облысы – 109
  • Қостанай облысы – 50
  • Маңғыстау облысы – 55
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Шығыс Қазақстан облысы – 23

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG