Accessibility links

БҚО-да вирус жұқтырған дәрігерлер 28 адамға жетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Батыс Қазақстан облысында тағы 6 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан. Бұл туралы 1 мамырда облыстық жедел штаб өкілдері хабарлады. Аймақта барлығы 28 медицина қызметкерінен коронавирус табылған. 152 адамға коронавирус жұққан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қазір карантиндік стационарлар мен провизорларда тексеру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

"Біз науқастарды стационарларға оқшаулаймыз. Бұл аймақта вирустың жайылуына жол бермейді. Алайда медицина қызметкерлеріне де вирус жұғып жатыр. Коронавирус кейбір адамдар ойлайтындай өтірік нәрсе емес. Бұл өте қауіпті ауру және пневмония немесе демігуге айналмай тұрып, оны ертерек анықтап алған дұрыс" деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің жалақысына 250-850 мың теңге аралығында үстеме ақы қосылатынын, кәсіби міндетін атқару кезінде коронавирус жұққан дәрігерлерге 2 млн теңге көлемінде сақтандыру төлемі берілетінін айтқан.

Қазақстанда жүздеген дәрігерге коронавирус жұққан. Олардың басым бөлігі - Алматыда. Бас санитар дәрігер Нұр-Сұлтан мен Шымкентте де медицина қызметкерлеріне вирус жұққанын хабарлаған.

Қазақстанда барлығы 3556 адамнан коронавирус табылған. 25 адам қайтыс болған. 900-ге жуық адам жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG