Accessibility links

Ресейде бір күнде 8 мыңға жуық адамнан коронавирус табылды


Дәрігерлер коронавирус белгілері байқалған адамды ауруханаға апара жатыр. Мәскеу, 29 сәуір 2020 жыл.
Дәрігерлер коронавирус белгілері байқалған адамды ауруханаға апара жатыр. Мәскеу, 29 сәуір 2020 жыл.

Ресейде бір күнде 7933 адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы жедел штаб өкілдері хабарлады. Бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Ресейде бір күнде коронавирус инфекциясынан 96 адам қайтыс болды.

Елде жалпы 114 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған. 1169 адам қайтыс болған. 13 мыңнан астам адам жазылған.

Вирус жұқтырғандар саны жағынан Ресей астанасы Мәскеу алда тұр. Мұнда 3,5 мыңнан астам науқас бар. Соңғы бір күн ішінде Ресейдің барлық аймағында (аннексияланған Қырым мен Севастопольді қосқанда) коронавирус табылған.

Жұмыссыз апта режимінің созылғанына бір айға жуық уақыт болды. Елдің басым бөлігінде карантиндік шаралар енгізілген. Билік өкілдері эпидемия мамыр айының басында шарықтау шегіне жетеді деп болжайды.

Америкалық Джон Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде вирус жұқтырғандар 3,2 млн адамға жеткен. 233 мың адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG