Accessibility links

Басқарма Қарағанды облысында қайтыс болған науқас туралы айтты


Алматыдағы зертханалардың бірінде жұмыс істеп жатқан қызметкер. Көрнекі сурет.
Алматыдағы зертханалардың бірінде жұмыс істеп жатқан қызметкер. Көрнекі сурет.

3 мамырда Қарағанды облысында 1958 жылы туған ер адамның коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған еді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, Шахтинск қаласының тұрғыны 5 сәуірде пневмония диагнозымен провизорлық ауруханаға жатқызылған.

Кейінірек одан коронавирус анықталып, 14 сәуірде Нұр-Сұлтандағы ауруханаға ауыстырылған. Дәрігерлердің айтуынша, ер адам пневмонияның ауыр түріне шалдыққан.

"Науқас 19 күн емделді. Дәрігерлердің күш салуына қарамастан науқас 3 мамырда қайтыс болды" делінген хабарламада.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 26 адам қайтыс болды. Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы қаласында - 8, Шымкентте - 4, Ақмола облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 2, Қостанай облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Түркістан облысында 1 адам қайтыс болған. Дәрігерлер олардың көбінде созылмалы ауру түрлері болғанын айтқан.

Елде барлығы 3877 адамға вирус жұққан. Мыңға жуығы жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG