Accessibility links

Мақтаралда тағы бір ауылды су басты. Ауданда 31 мыңнан аса адам эвакуацияланды


Су басқан Жаңа тұрмыс ауылы. 2 мамыр 2020 жыл.
Су басқан Жаңа тұрмыс ауылы. 2 мамыр 2020 жыл.

Мақтарал ауданында бір ауылды су басты. Аймақта эвакуацияланған адамдар саны 31 мыңнан асты

4 мамыр күні Түркістан облысы Мақтарал ауданында су басқан ауылдардан 31 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. Аудандағы тағы бір елдімекен – Достық ауылы су астында қалды. Бұған дейін Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас ауылдарын су басып қалған еді.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Мақтаралда су басқан ауыл саны бесеуге жеткен. Он үш ауылдың адамдары эвакуацияланған. Қазір Мақтаралда қауіпсіз жерге көшірілген адамдар саны 31 600 адамнан асқан. Әкімдік хабарламасында Жетісай ауданына қарасты Қоғалы ауылының 1025 тұрғыны да қауіпсіз жерге көшірілгені жазылған.

Аудан тұрғындарының Азаттыққа айтуынша, су алған ауылдардан алып шыққан малдар қазір көше бойында жүр. Әйелдер мен балалар туған туыстары мен әкімдік дайындаған орталықтарға жеткізілген.

«Су әлі тоқтаған жоқ. Әуелі егіндіктерді, артынша ауылдың ішіне кіріп жатыр» дейді Өргебас ауылының тұрғыны.

1 мамыр күні Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы жарылып, айналасындағы ауылдарды су шайып кеткен. Кейін, 1 мамыр түнде Сардобаның суы Қазақстанның оңтүстігіндегі, қазақ-өзбек шекарасында орналасқан Абай каналына жетті. Кейін канал су арнасынан асып, Мақтарал ауданындағы Жаңатұрмыс және Жеңіс ауылына су алды. Екі ауылдың тұрғындары эвакуацияланды. Осыдан соң Мақтарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. 2 мамыр күні екі ауыл толық су астында қалып, ондағы үйлер құлаған. 3 мамырда Өргебас пен Фирдоуси ауылын су басып қалған. Екі ауылда су басқан үйлердің саны алты жүзден асқан.

Су астында қалған Өргебас тұрғындары Тоқаев пен Шөкеевті іздейді

Су астында қалған Өргебас тұрғындары Тоқаев пен Шөкеевті іздейді
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:13 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG