Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 5 мамыр 16.30-ға дейінгі мәліметіне сай, елде сейсенбі күні 91 адам COVID-19 дертінен айықты. Олардың көбі - Алматы қаласы (22) мен Нұр-Сұлтан қаласында (17).
Қазір елде 4160 адамнан (сейсенбіде 111) вирус табылды. Оның 1264-і аурудан жазылды. 29 адам қайтыс болды.
Дерттен айыққандар мына аймақтарда:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 320
- Алматы қаласы – 210
- Қызылорда облысы – 140
- Ақмола облысы – 89
- Қарағанды облысы – 79
- Атырау облысы – 78
- Шымкент қаласы – 61
- Түркістан облысы – 52
- Жамбыл облысы – 51
- Батыс Қазақстан облысы – 41
- Алматы облысы – 39
- Ақтөбе облысы – 33
- Солтүстік Қазақстан облысы – 27
- Қостанай облысы – 15
- Павлодар облысы – 12
- Маңғыстау облысы – 9
- Шығыс Қазақстан облысы – 8
Қазақстанның бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова елде коронавирус тарауы тұрақталып келе жатқанын, кейінгі екі аптада инфекция тарауы 7 пайыздан төмен екенін айтқан.
Есмағамбетованың сөзінше, наурызда дертке шалдыққандармен байланыста болғандардан және шетелден келгендерден вирус табылса, сәуірде 1862 адамнан ( 52%) вирус профилактикалы тест алу кезінде анықталған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 13 наурыз – 4 мамыр арасында 306 861 адамнан анализ алынған. Министрлік мамырдың соңына дейін 5300 адамға вирус жұғады деп болжайды.
Елде коронавирус тарауына байланысты 11 мамырға дейін төтенше жағдай және карантин жарияланған.
ПІКІРЛЕР