Accessibility links

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 4200-ден асты


Алматыдағы көпқабатты үйдегі мурал. 5 мамыр 2020 жыл.
Алматыдағы көпқабатты үйдегі мурал. 5 мамыр 2020 жыл.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 5 мамыр 22.50-дегі мәліметі бойынша, елде тағы 26 адамға коронавирус жұқтырды: Алматы қаласы - 16, Алматы облысы - 3, Атырау облысы - 3, Жамбыл облысы - 1, Қарағанды облысы - 1, Қызылорда облысы - 1, Батыс Қазақстан облысы - 1 адам.

Елде коронавирус 4205 адамнан (сейсенбіде 156 дертке шалдықты) анықталды. 1279 адам (сейсенбіде 106 адам жазылды) дерттен айықты. 29 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 310 мыңнан астам адам анализ тапсырған. Министрлік мамырдың соңына дейін 5300 адамға вирус жұғады деп болжайды.

Елде коронавирус тарауына байланысты 11 мамырға дейін төтенше жағдай және карантин жарияланған.

Вирус жұқтырғандар 4205 адам мына аймақтарда:

  • Алматы қаласы – 1372
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 732
  • Қызылорда облысы – 217
  • Шымкент қаласы – 216
  • Атырау облысы – 209
  • Батыс Қазақстан облысы – 199
  • Қарағанды облысы – 168
  • Ақтөбе облысы – 163
  • Алматы облысы – 163
  • Жамбыл облысы – 160
  • Түркістан облысы – 155
  • Павлодар облысы – 152
  • Ақмола облысы – 101
  • Қостанай облысы – 53
  • Маңғыстау облысы – 85
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Шығыс Қазақстан облысы – 30

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG