Accessibility links

Ресейде шамамен 200 мыңнан астам адамға коронавирус жұққан


Мәскеудегі ауруханалардың бірінде қорғаныш киім киген медициналық қызметкер науқасты ішке апара жатыр. 3 мамыр 2020 жыл.
Мәскеудегі ауруханалардың бірінде қорғаныш киім киген медициналық қызметкер науқасты ішке апара жатыр. 3 мамыр 2020 жыл.

Ресейде коронавирус жұқтырғандар 200 мыңға жуықтады. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Штабтың 9 мамыр күнгі ақпараты бойынша, Ресейде бір күнде 10 817 адамнан коронавирус табылған. 5667-сі - Мәскеуден. Барлығы 198 676 адамға вирус жұққан. 31 916 адам жазылған.

Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі Мәскеу мен Мәскеу облысында (123 614) тұрады. Қала мэрі Сергей Собяниннің пікірінше, қалада 300 мың адамға вирус жұққан болуы мүмкін.

Эпидемия тарағалы бері 1827 адам қайтыс болған.

Ресей вирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде АҚШ, Испания, Италия, Ұлыбританиядан кейін бесінші орында тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG